Түркістан облысы Сайрам ауданы Құтарыс елді мекенінде сайлау науқанында белсенділік танытып, сайлау учаскесіне алғашқы болып келген 5 сайлаушыға сыйлық бұйырды. Сондай-ақ, мұндай құрмет сайлауға алғаш рет қатысқан ең жас тұрғынға да көрсетілді. Олар сайлаудың халық үшін маңызы зор екенін жеткізді.
Ауылдық округ әкімдігіне үміткер ретінде 5 азамат өзін-өзі ұсынған. Бір үміткердің құжаттары сайлау талаптарына сай келмесе, ал екі үміткердің құжаттары отбасылық жағдайларына байланысты кері қайтарылған. Нәтижесінде саяси додаға 2 үміткер түсіп отыр.
Айта кетейік, Құтарыс ауылдық округінің халқының саны – 5 725 болса, оның 2 784-і дауыс беруге құқылы. Жалпы ауылдық округте 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы Сайрам ауданында үш ауылдық округтегі 12 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жүріп жатыр.