Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 170 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЙЛАУШЫ ДАУЫС БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 170 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЙЛАУШЫ ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін облыстағы 241 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасауда. Жалпы саны 166 үміткер 60 ауыл округі әкіміне сайлауға түседі. Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64%-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны — 168 605 адам. Бұл туралы облыстық сайлау комиссияның төрағасы Әлібек Өмірәлиев брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгін Түркістан облысы бойынша жалпы 60 сайлау округінде 265 146 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Таңғы сағат 07:00-де басталған дода кешкі 20:00-де аяқталады. Сайлауға қатысатын 1 549 сайлау комиссияларының мүшелері бетперделермен, арнайы қолғаптармен, антисептиктермен жеткілікті түрде қамтылған. Дауыс беруге келетін сайлаушылар мен басқа да азаматтарға антисептиктер, термометрлер орнатылған. Келген сайлаушыларға бетперделер дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дәрігер мамандармен қамтылып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*