Түркістан облысында 2021 жылы 25 шілдеде 60 ауыл округі бойынша ауылдардың, кенттердің, ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 265 146 азамат енгізілсе, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны — 209 227 (79%). Әкімдікке үміткерлердің саны – 166 адам. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдейді.
«Барлық 60 сайлау округтерінде әкімдер сайланды. Сайланған ауыл әкімдерінің: 16-сы — мемлекеттік қызметкерлер, ауыл округтерінде қайта сайланғандар — 17, басқа ауыл округтерінің әкімдері — 6, коммерциялық саланың өкілдері — 4, бюджеттік мекеменің қызметкерлері — 8, уақытша жұмыс істемейтіндер -1. Орта жас — 46,7. Сайланған ауыл әкімдерінің 43-і саяси партияларымен ұсынылған: «Nur Otan» партиясынан — 41, «Ауыл» ХДП партиясынан — 1, «ADAL» саяси партиясынан — 1, өзін-өзі ұсынғандар – 17. Ең көп дауыс алған әкім Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауыл округінен 8 839 дауыс. Сайлау бюллетендерін қайталап санау сайлау учаскелерінде өткізілмеді. Соттарға, жоғары тұрған комиссияға сайлау комиссияларының іс-әрекеттері туралы арыз-шағымдар түспеді», — деді Әлібек Кәденұлы.