Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

«Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері түркістандық көпбалалы анаға пәтер кілтін табыстады. Қуаныш иесі Бекзат мөлтек ауданындағы екі қабатты тұрғын үйдің 3 бөлмелі пәтеріне қоныстанған.
Кезекті 484-баспананың иесі атанған Валентина Исаева 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр. Тұңғышы әскерде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азамат болса, кенжесі 7 жаста. Жалғызбасты ана мұқтаж отбасыларға халықтың ықыласы мен аманатын жеткізіп жүрген қор ұжымына алғыс білдірді.
«9 жылдан бері ағамның досының үйінде тұрып келдік. Үй әбден тозған, дегенмен одан басқа амалымыз да болмады. Жомарт жандармен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнаттық. Екі айда баспанаға қол жеткізуіміз түсім секілді. Расында көңілімді шаттық кернеп тұр», — деді Валентина Әкімқызы.
Қайырымдылық қордың Түркістандағы өкілі Берік Кенжебековтің айтуынша, аз қамтылған отбасы жағдайымен таныса келе, дәл осы шаңыраққа шаттық сыйлауды жөн көрген. Жалпы Түркістан облысы бойынша қайырымдылық қор тарапынан мұқтаж жандарға 8 үй берілсе, оның үшеуі Арыс, екеуі Кентау, үшеуі Түркістан қалаларындағы отбасыларға бұйырған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*