Түркістан халықаралық әуежайынан қазіргі таңда 14 бағытта халықаралық және ішкі әуе рейстері орындалуда. Атап айтқанда:
1) «Түркістан – Ыстамбұл» аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2) «Түркістан – Бішкек» аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) «Түркістан – Ташкент» аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» күнделікті;
5) «Түркістан – Алматы» аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);
6) «Түркістан – Қостанай» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
7) «Түркістан – Семей» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
«Түркістан – Атырау» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
9) «Түркістан – Қарағанды» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
10) «Түркістан – Көкшетау» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
11) «Түркістан – Ақтөбе» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
12) «Түркістан – Ақтау» аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
13) «Түркістан – Павлодар» аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
14) «Түркістан – Орал» аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
«Түркістан-Ыстамбұл» бағытына «Fly Arystan» және Түркияның «Turkish Airlines» әуекомпаниялары, ал «Түркістан-Бішкек», «Түркістан-Ташкент», «Түркістан-Нұр-Сұлтан», «Түркістан-Алматы» бағыттарына «Fly Arystan» әуекомпаниясы және қалған бағыттарға «SCAT» әуекомпаниясы қызмет көрсетуде. Сонымен қатар жуырда «Qazaq Air» әуекомпаниясының «Түркістан-Талдықорған» бағытындағы әуе рейсі қатынауы жоспарланған.
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан (тел: +7 725 33 5 29 09), аталған әуекомпаниялардың ресми сайтынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz, probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.