2020-2021 оқу жылында 31 жалпы білім беретін мектепті 2046 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 1326 мектеп бітірушісі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Нәтижесі бойынша қаладағы орта балл — 82,7 пайызды құраған.
Аталған түлектердің 119-ы «Алтын белгі», 62-сі «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал, ҰБТ нәтижесі бойынша шаһарда 37 мектеп бітіруші 120 баллдан жоғары жинаса, бір тұрғын 135 бал жинаған. 1272 түлек тестілеуде шекті деңгейден өткен.
Айта кетейік, биыл мектеп бітірушілердің басым бөлігі физика-математикалық бағыттағы мамандықтарды таңдаған.