Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысымен 845 шақырымның 301 шақырымы асфальтты , 296,9 шақырымы тас жол, 361,7 шақырымы топырақты жол.
Қазіргі таңда, қала аумағында бірнеше жолдың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолынан Майкотов көшесіне дейінгі автожол құрылысы және Жібек жолы көшесін қайта жаңғырту жұмыстары істелуде.
Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолынан Майкотов көшесіне дейінгі автожолдың ұзындығы — 6,5 шақырым. Қазірде нысанға асфальт жабындысы толық төселіп, 4 жолақты жолдан 6 жолаққа көбейтілген. Сонымен қатар, науа мен аяқ жол, веложолдар салынып, жарықтандыру жүйесі жүргізілуде.
Ал, Жібек жолы көшесін қайта жаңғырту 1,53 шақырымға жүзеге асырылуда. Онда автокөлік жолы 2 жолақты жолдан, 4 жолақты жолға кеңейтілген.
Одан бөлек, 59 шақырымды құрайтын 61 көшеге тас төсеу жұмыстары мен қала аумағындағы жалпы 1412 шаршы метрге ағымдағы жөндеу жасалуда.
Сонымен қатар, 80 астам жол ақаулары қалпына келтірілген. Оның ішінде, 50-ге жуығы 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстардың ақаулары, кепілдік мерзіміне сәйкес, мердігерлердің есебінен қалпына келтірілді.
«Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің мәліметіне сай, ағымдағы жылы 4 нысанның құрылысын іске асыру, 12 көшеге орташа жөндеу, 7 нысанға ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жоспарланған.