Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының ерікті студенттері Түркістан қаласы «Отырар» ықшам ауданынындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында «Терезеден құлаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жоғары қабатта тұратын көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, яғни 5 пәтердің терезелеріне бұғаттағыш құлыптар орнатылды. Атқарылған іс – көпқабатты үйлердегі жасөспірім балалардың ата-ана назарынан тыс қалған сәтте терезені өздігінен ашып, құлап кетпеуінің алдын алады. Жалпы, басқарма қызметкерлері тұрғындар қауіпсіздігі үшін алдағы уақытта да жұмысты жалғастырмақ.