Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бастамасымен тұрғындардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін адам бойына қажетті құндылық қатынастар мен қабілеттерін дамыту мақсатында ілкімді істер қолға алынып жатыр.
Сондай мән-маңызы жоғары кезекті іс-шара Жетісай ауданында болып өтті. Аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мобильді топ мүшелері мен «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қаладағы халық жиі болатын, көп шоғырланатын орындарда болды.
Нақтырақ айтар болсақ, «Қазпошта», аудандық орталық емхана, халықты жұмыспен қамту орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып бұқарамен бетпе-бет сұхбаттасты. Арнайы әзірленген үнпарақшалар таратып, сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға, өнеркәсіпке келтірілетін зияндар мен кері әсерлерін түсіндірді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің оған қарсы сананы қалыптастырудан басталатынын алға тартқан мобильді топ мүшелері қоғамдағы бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге шақыру мақсатында Асықата кенті, Қазыбек би, Абай, Қызылқұм, Ералиев, Мақталы ауылдық округі әкімдері аппаратының қызметкерлерімен де кездесулер өткізді.
Басқосу барысында жұмысшы топ мүшелері мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет жасап, билік пен басқару органдарының беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай заңдылық қағидаларын жоққа шығаратын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайтын қылмыстың ең қауіпті түрі – сыбайлас жемқорлық туралы қойылған сұрақтарға жауап берді, пікір алмасты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да, қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – ол тек қана сана емес, ол – сыбайлас жемқорлықты бүкіл жан-тәнімен қабылдамау, қарсы тұра білу» дейді Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Нөкерәулеті.
«ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» делінген. Бұл дегеніміз білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы осындай шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады деген сөз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*