Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕГІСТІК АЛҚАПТАРДЫ СУҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕКПІЗ

ЕГІСТІК АЛҚАПТАРДЫ СУҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕКПІЗ

Биыл тамыз айынан бастап Өзбекстан Республикасынан мемлекетаралық «Достық » магистралды каналынан келетін ағын су көлемі азайатындығы күтілуде. Алдағы уақытта Жетісай ауданының шаруалары келіп жатқан ағын суды тиімді пайдаланып, суғару жұмыстарын жеделтету керек. Осыған орай Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов пен Жетісай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов. «Мақталы» және «Қызылқұм» ауылдық округтерінде болып, жергілікті шаруалармен кездесті. Кездесу барысында, әр шаруаға судың деңгейі жоғары кезді ұтымды пайдаланып егістік алқаптардағы вегетациялық жұмыстарды жеделдету керектігін атап өтті. Кейін судың деңгейі төмен түсіп кетсе судан тапшылық болатынын да ескертті. Сол үшін аудан шаруалары уақыт жоғалтпай, келіп жатқан ағын суды тиімді пайдаланып, суғару жұмыстарын қарқынды жүргізуі қажеттігін атап өтті. Жиын барысында шаруалардың көкейлерінде жүрген өзге де сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*