Түлкібас ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына орай, «Рухани сапар» атты экскурсиялық іс-шарасы өткізілді. Іс- шара барысында ауданымыздағы еңбегі сіңген ерікті жастарды қолдау мақсатында Түркістан қаласына яғни киелі орындарға саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында Түлкібас ауданындағы «Түркібасы Әулие», Бәйдібек ауданындағы «Домалақ Ана» кесенесіне, Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне және «Керуен Сарайына» экскурсия жасалып кесенелердің тарихтары таныстырылды.
⠀
Сонымен қатар Түркістан қаласында саяхатқа қатысушы белсенді жастарға арнайы естелік сыйлықтары табысталды. Экскурсияның мақсаты жастардың арасында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту.