Бүгін аудан Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан басшысы әрбір тұрғынмен жеке тілдесіп, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған аудан тұрғындары өздерінің толғандырып жүрген мәселелерін аудан басшысына жеткізді. Жеке қабылдауда тұрғындар жер және білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Оның ішінде, балабақша ғимараты мен қоршауларын жаңарту, ауыл іргесіндегі жерді меншікке алу, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері болды.
Нұрлан Мархабатұлы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, сұрақтарына заң аясында жауап қатты. Бірқатар мәселелер алдағы уақытта зерделеніп, ұсыныстар берілетінін тұрғындарға түсіндірілді. Тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне айтылған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.