Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮЛКІБАС: МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТҮЛКІБАС: МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында бірқатар мектептерді аралады. Жаңа талаптарға сай жөндеу жұмыстары мен оқушылардың қауіпсіздігі барынша қамтылу қажет. Осыған орай, барлық мектептерде бейне бақылау камералары орнатылып, аудандық полиция бөліміне тікелей қосылуы тиіс. Мектеп қабырғасына келетін әрбір ұстаз бен ата-ана тек «Ашық» бағдарламасы арқылы ғана кіруге мүмкіндік алады. Мұғалімдердің барлығы дерлік вакцинаның екі компонентін толықтай қабылдап үлгерген. Жаңа оқу жылында оқушылар ара қашықтықты сақтап, бетперделік режимде сабақ өтеді. Мектептер антисептиктік құралдармен оқушыларды толықтай қамтамасыз етпек.
Аудан орталығында орналасқан А.С.Пушкин атындағы ақпараттық-технологиялық мектеп лицейі, Ақбиік ауылындағы Т.Иманбеков атындағы ЖОМ, Шақпақ баба ауылында орналасқан С.Бреусов атындағы ЖОМ мен Жабағылы ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығын аудан басшысы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандарымен бірге аралап шықты.
С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан бастауыш сыныптарға арналған қосымша мектеп жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын тұр. Арнайы заманауи құрылғылармен жабдықталған мектеп 200 оқушыға арналған. Аудан басшысы Нұрлан Байғұт барлық мектеп директорларына кітап қорының жеткілікті болуын, оқушылардың қауіпcіздігі қатаң бақылауда ұстауын, карантиндік талаптардың қатаң сақталуын тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*