Ел абыройын асқақтатып, көк байрағымызды желбірететін тамаша сәттердің бірі споршыларымыздың жеңіске жеткен кездері. Сол үшін де спорт қай уақытта болмасын, жоғары бағаланады. Спортшыларды құрметтейді. Аудандық орталық стадионда спортшылардың кәсіби мерекесіне орай, марапаттау рәсімі өтті. Карантиндік талаптарды ескере отырып өткізілген шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, аудандық мәслихат депутаты Өтепбай Маткеримов пен ауданымыздың спортшылары және жаттықтырушылар қатысты. Кәсіби мереке қарсаңында спортшылардың жеткен жетістігін еске отырып, арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
«Спорт — денсаулық кепілі. Спортпен шұғылданған жастарымыздың денсаулығы мықты болады. Ауыл жастарын спортқа көптеп тартуды қолға алу керек. Сондықтан, бұдан да биік жетістікке қол жеткізетіндеріңізге сенемін. Ауданымызда 5 облыстық және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 8 спорт мекемелерінде 3981 оқушы спорттың 20 түрінен жаттығады. Осы орайда, жаттықтырушылар мен жетекшілерге үлкен сенім арта отырып, алдағы уақытта ауданның атын, еліміздің атын әлемге танытатын спортшыларды даярлай береді деген сенімімді білдіргім келеді»,-деді аудан басшысы.
Айта кетейік, облыстық, республикалық, халықаралық турнирлерде 48 спортшымыз І орын, 39 спортшы ІІ орын иеленсе, 79 өрендеріміз ІІІ орыннан көрінген. Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау барысында бұл көрсеткіш саны артады деген ойдамыз.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары