Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, мерекелік жиын өтті. Азаматтық қорғау мен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан зор үлесі, Төтенше жағдайлар органдарындағы адал қызметі, құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға, жас қызметкерлерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы полковник Б.С.Сопбековтың атынан Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлығымен Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесі ұйымының мүшелері: Тастанов Ә.С, Сазанбеков А.А және Ханалиев З.А марапатталды. Аталған іс-шараға Төлеби ТЖБ офицерлері мен №5 ӨСБ-нің басшы және жеке құрамы қатысты.