Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТӨЛЕБИ: ДИХАНКӨЛДЕ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

ТӨЛЕБИ: ДИХАНКӨЛДЕ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі Диханкөл елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңшасы құрылысы жүруде. Құны 2 млн 980 мың теңгені құрайтын алаңшасының құрылысын аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тапсырыс беріп, жасатуда.
Қоғалы ауылдық округі былтырғы жылы аудан көлемінде ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше» «Үлгілі аула» байқауына қатысып, үшінші жүлделі орынға ие болған болатын. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған көшелер балаларға арналған ойын алаңшасын салып беру сертификатын ұтып алды. Нәтижесінде Бәйтерек көшесі балғындары заманауи ойын алаңшасының иегері атанды.
Таулы аймақта орналасқан Диханкөл елді мекенінің тұрғындары ойын алаңшасының құрылысын жүргізуге мұрындық болған аудан басшысына алғыстарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*