Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде Қайнар жалпы орта мектебі жанынан қосымша 200 орындықты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Білім ордасы ғимаратына Төлеби аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тапсырыс беріп, құрылыс жұмыстарын мердігер «Нұр-Астана Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Қазіргі кезде мектепте ішкі әрлеу жұмыстары жүруде.
Ауылда халық санының көбеюіне байланысты шәкірттер тар сынып бөлмелерінде білім алған болатын. Ел жағдайын ескерген ел ағаларының бастамасымен білім беру мекемесінде қосымша корпустар бой көтеруде. Екі қабатты еңселі ғимаратта спорт зал, шеберхана, асхана орналасқан. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін бітеді деп жоспарлануда.