Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында пысықталды. Маңызды мәселе — бақылауда. Жылу беру кезеңіне дайындық барысымен танысқан облыс әкімі жауапты басшыларға жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысында жеті аудан мен қалада 11 орталықтандырылған жылыту қазандықтары жұмыс істейді. Өңірде 600-ге жуық көпқабатты тұрғын үй мен 2,5 мыңға жуық бюджеттік мекеме орталық жылыту жүйесіне қосылған. Олардың 85 % жылыту маусымына дайын. Қатты отынмен қамту жұмыстары да жүзеге асуда. Қыркүйектің 1-не дейін барлық жұмыстар толық аяқталады.
Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үйлер үшін 9 қазандық орнатылуда және №1, 2 шағын аудандардағы жылумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аппарат отырысында облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және мобильді топтардың жұмыстарының нәтижелері туралы соңғы мәліметтер ортаға салынды. Түркістан облысы коронавирус аурушаңдығының көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан. Науқастар саны бойынша облыс республикада төмен көрсеткіште. Коронавирустан айық¬қандардың саны артып, бұқара-ның көңіліндегі үрейдің сейіле бастағанына қарамастан, босаңсуға болмайды. Осылай деген Өмірзақ Естайұлы тәжтажалдан сақтану үшін карантин талаптарының қатаң сақталуын ескертті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*