Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: 745 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: 745 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 56 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0.43 % құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 3600 орын бар, 2559 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 12 960 жағдайы тіркелді.
Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген. І-компонентпен 745 301 адам немесе 96%, ІІ-компонентпен – 606 474 адам немесе 80% егілген. Кейінгі тәулікте 6154 адам екпе салдыруға ниет білдірген.
Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*