Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУҒА ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ТАРТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУҒА ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ТАРТЫЛАДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясын жасауды тапсырды. Бұл іске шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Жасыл желекті жайқалтуда жаңа технологиялар мен минералды тыңайтқыштар қолданылады. Кент келбетін әрі қарай ажарландырып, тынымсыз еңбекпен жасалған дүниені күтіп ұстау үшін креативті идеялар қажет. Осылай деген облыс әкімі өз міндеттерін дұрыс атқармаған компаниялармен келісімді бұзып, жұмысты өзге мекемелерге тапсыруды жүктеді. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарымен танысқан облыс басшысы Түркістанды ну орманға айналдыру үшін жасалған іс-шараларды пысықтады.
«Қаланың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы мен жайқалған жасыл желегі. Түркістанның экологиялық ахуалын тұрақтандыру – бәріміздің парызымыз»,-деді облыс әкімі.
Шаһар шырайын шұғылалы ему мақсатында көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары тынымсыз жүргізіледі. Киелі қаланы жел эрозиясынан сақтап, экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін Түркістан айналасынан «Жасыл белдеу» құрылған. 7700 га аймақта 12 миллионға жуық түп көшет отырғызылды.
Облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен қала 32 секторға бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала ішінде қарағай, терек, емен, үйеңкі, шаған ағаштары және өрік, алма секілді жеміс ағаштары егілген. Экологияны тазарту, барлық аймақтардағы полигондарды түзете отырып, оны әрі қарай дамыту, өсіру, жаңартылуы қамтылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*