Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: «КЕНТАУ-АЩЫСАЙ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: «КЕНТАУ-АЩЫСАЙ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысындағы Кентау-Ащысай бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының 48,1 шақырымына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан «Жамбыл облысы шекарасы – Құмкент – Шолаққорған – Ащысай-Р-31» елді мекендерін жалғайды. Күрделі жөндеу жұмыстарын «КазГерСтрой Біріккен кәсіпорыны» ЖШС мердігер мекемесі жүргізеді.
Жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша келесі жылы аяқталады. Биыл 10 шақырым асфальт жабындысына, жол негізіне құмды шағал-тас қоспасы төсеуге қаржы қаралған. Жөндеу жұмыстары жұмыстары Ойық елді мекенінен бастап жүргізілуде. Мамандар жолдың осы аралығында қанағатсыз жағдайда тұрған көпірлер мен су өткізгіш құбырлар да жөндеуден өткізілетінін жеткізді.
Одан бөлек, Ойық және Ащысай елді мекендері аралығындағы 15 шақарым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «ПК «Шымкентдорстрой» ЖШС жүргізіп жатқан жұмысының сапасы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК, «Сапаинжиниринг» ЖШС және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мекемелерінің бақылауында.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*