Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Жолдықожаев «Жайдарман» Шымкент филиалының директоры Марат Қамбарұлы Достаевпен КАНВАССИНГ кездесу өткізді. Кездесу барысында екеуара әңгіме «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасындағы» индекаторлардың орындалуы жайында өрбіді. Көптеген тың жобалар жайында пікірлесті.
Марат Қамбарұлы Nur Otan партиясының мүшесі. Ол соңғы кезде партияның халықтық сипатқа ие болып жатқанын, алдағы уақытта атқаратын тірліктерінің ауқымы ұлғая беруіне тілектестігін білдірді.
© Jetpisbai.kz