«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.
Біздің жерлестеріміздің көпшілігі «Nur Otan» партиясына сенеді.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерін іске асыра отырып, республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге үлес қосып келеміз.Қала халқының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасындағы» индекаторлардың орындалуы бойынша біршама істер атқарылып келеді.
Жол картамызда 10 басымдықтар мен 149 іс-шара қамтиды. Соның ішінде 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның 1 жарты жылдықта 12-і (10%) аяқталып, 110 – і (90%) жылдың соңына дейін орындалады деп күтілуде.
Сонымен қатар жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 8361 өтініш түсті. Оның 62 % мәселе оң шешішімін тапты.Бұл дегеніміз халықтың партияға деген сенімділігі.
Біз Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі ретінде бағдарламадығы барлық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстарды өз деңгейінде атқарып, жүзеге асыратын боламыз.
© Мұрат Жолдықожаев,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі