Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдіңқұрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгінқала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардыңотандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді. Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды екенін айтып, жұмыстың қарқыны мен сапасын назарда ұстауды тапсырды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамту мәселесін жіті назарда ұстайды. Бұл бағытта елімізде арнайы бағдарламалар әзірленді. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бүгінде қаламызда 43 мыңнан астам адам кезекте тұр. Сондықтан үйлердің құрылысын жеделдетуіміз керек. Құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін де Шымкенттің ауа райы да ыңғайлы. Қажет болса, түйткілді мәселелерді шұғыл шешу үшін апта сайын кездесіп отырайық», – деді М.Әйтенов.Сонымен қатар, құрылыс аумағының тазалығына көңіл бөлуді, әркім өз жұмысында басқасының еңбегінбағалау керектігін айтты. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданындағы 25, 26, 28, 29 орамдарда бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 47 үй, яғни 3144 пәтер 2020-2021 жылы пайдалануға берілген. Осы жылы аталған шағын ауданда жалпы 2700 пәтерлі көпқабатты 50 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*