Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты. —Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, соның ішінде 200-ден астамы стационарда ем қабылдауда. Бұл — біз білетін цифр. Ал, біз білмейтін, ауырса да емханаға бармай, ПЦР тест тапсырмай жатқан адамдар қаншама?, — деген Шыңғыс Жұмабекұлы тұрғындарды аса маңызды себеп болмаса, көпшілік орынға бармауға және вакцина салдыруға шақырды. —Қалада былтырдан бері 600 мыңнан астам адам вакцина қабылдады. Сонымен қатар 40 мың адам ревакцинацияланды. Әсіресе, жүкті әйелдер, балалар, егде жастағы адамдар мен созылмалы ауруы бар науқастар міндетті түрде вакцина салдыруы тиіс. Бұл — қауіпті дерттен сақтанудың жалғыз жолы, — деді Ш.Мұқан.Қала әкімінің бірінші орынбасары №5 емхананың ситуациялық орталығының жұмысымен танысты. Мұндағы жедел желіге өз бойында коронавирус симптомдарын байқаған пациенттер хабарласа алады. Оған дереу тиісті мамандардан құралған мобильді топ жөнелтіледі. Сондай-ақ, мамандар ертелі-кеш емханада тіркелген жүкті әйелдер мен қауіп тобындағы азаматтарға телефон арқылы хабарласып, жағдайын біліп отыр. Айта кетейік, №5 емханада барлығы 58 мың адам тіркелген.

«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАН, Фото Серік ҚОСАЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*