Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚАЛА ӘКІМІ «ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІ «ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді.

2020 жылғы құрылған «Диспетчерлік қызмет орталығы» автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын реттеу және қадағалау, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және тасымалдау көліктерінің жұмыстары туралы мәліметтерді жинақтау және күнделікті талдау жүргізуді жүзеге асырады.

Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесіне көшкен. Операторлар қоғамдық көліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылауда.

Бүгінде бөлім қызметкерлері тарапынан 40-тан астам маршрут қозғалысының сызбасы дайындалып, 400-ге жуық маршрут қозғалысының кестесі құрылды. Бөлім операторларының «ShymkentBus» БК» ЖШС, «T-BUS» ЖШС, «MAN-Оңтүстік» ЖШС және тағы басқа тасымалдаушылардың тұрақты қалалық және қала іргелік маршруттарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көліктердің жүрісіне онлайн GPS мониторинг жүргізу барысында 4 000-нан астам заң бұзушылық тіркелген.

Қала әкімі қазіргі жағдайда жүргізушілер мен диспетчерлердің жұмысының маңыздылығын атап өтіп, еңбектеріне алғысын жеткізді.
Айта кетсек, қазіргі уақытта қалада жағдай тұрақты. Бүгінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға қоғамдық көліктердің 70 пайызы қызмет көрсетуде. «Төлем» жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Барлық жұмыстар штатттық режимде атқарылуда.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*