Шымкентте 13 қаңтар күні 370 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 225, белгілері жоқ – 145). 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды.Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 194 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 209 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 72 төсек орын бар, 14 науқас ем қабылдауда.Бір тәулік ішінде қалада 713 адам вакцина алды (I компонент- 168, II компонент- 565). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 397 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 578 435 адам вакцинаның екі компонентін алды.Pfizer вакцинасының I компонентін 19 992 адам, II компонентін 9 319 адам қабылдады. 44 891 адам ревакцинацияланды.Қала тұрғындары мен қонақтарын карантин талаптарын қатаң сақтауға, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.
© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі