Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтырғы жылдың өзінде қала көшелеріне 3177 заманауи камера қойылды. Соның көмегімен мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздікті дер кезінде тоқтатуға, бүлікшілерге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын елуге жуық камера санаулы сағат ішінде қайта қалпына келтірілді. Қала әкімі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде камераның маңызы зор екенін айтып, бүлінген бейнебақылау камераларын тездетіп қалыпқа келтіру жөнінде тиісті сала басшысына тапсырма берді.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*