Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов қаламызда бірқатар бастамалар мен тың жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі қала аумағындағы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалайтын бейнебақылау камераларын орнатып, құрылғының көмегімен көптеген қылмыс ашылды.
Қазіргі таңда жаңа 3177 бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер тәулік бойы қылмыстың алдын алу, оларды ашу және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау бойынша жұмыс атқаруда.
2021 жылы бейнебақылау камераларының іске қосылуының нәтижесінде, 306 қылмыс ашылып, 74155 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
© Jetpisbai.kz