Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АЗАМАТТАРМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АЗАМАТТАРМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты және мәслихаттағы AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұы кестеге сәйкес азаматтармен кезекті қоғамдық қабылдау жүргізді.

Шымкент қаласы, Қарабастау тұрғын алабының ауыл биі Сейтаев Кеңес Игенұлы бастаған бірнеше азаматты қабылдау барысында Қарабастау тұрғын алабында аялдамаларды ретке келтіру жағын қозғап, тағы қосымша 6 аялдама орнату қажеттігін айтты. Орталық мектептің көшесіне және тағы бірнеше жерге үш Сергек бейнебақылау камераларын орнату жағын ұсынды. Тұрғын алаптағы жолдардың тозығы жеткендігін тілге тиек етті. Жолдың бойына автокөліктердің жылдамдығын шектейтін жол белгілерін қою қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар, Спорт алаңшасын соғатын жер учаскелері табылып жатса, онда спорт алаңшасымен қатар балалар алаңдарын да салуды ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Халық қалаулысы қоғамдық қабылдауға келген барша азаматтарды мұқият тыңдап, өтініш иелеріне қалалық мәслихат депутаты ретінде қолымнан келгенше мәселелерінің оң шешімін табуға ықпал жасайтын жеткізіп, тұрғындардың жайлы қалада өмір сүруіне осылай белсенділік танытып жүргендеріне өз алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*