Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудандағы көп қабатты үй комитеттерінің төрағаларымен, тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап.

Күн тәртібіндегі жалғыз тақырып – көп қабатты үйлерді басқару түріне өту.

Жиынға аудан әкімімен қоса қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та қатысты. Жауапты мамандардың айтуынша, 2022 жылдың шілдесінен бастап бұрынғы пәтер иелерінің кооперативі жұмысын тоқтатып, оның орнына үй басқару толық пәтер иелерінің қолына өтетін болады. Ол үшін тұрғындар пәтер иелерінің бірлестігі (ПИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) формасын таңдаулары қажет.

– «Ол үшін көп қабатты үй тұрғындарының кемінде 10 пайызы жиналып, белсенді топ құрады. Одан кейін жалпы жиналыс өткізіп, оған сол үйдегі тұрғындар қатысуы тиіс. Сол жерде нысанды басқарудың пәтер иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік секілді екі түрінің бірі таңдалып, хаттама түзіледі. Егер пәтер иелерінің бірлестігі болса, онда заңды тұлға ретінде әділет органында тіркеледі, ал жай серіктестік жеке тұлға ретінде қызмет етеді. Ол үшін сол тұлғаға барлық тұрғын сенім білдіруі тиіс», – деді жиын барысында аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов.

Сонымен қатар, жиында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Құттымбетұлы да сөз алып, жаңа басқару жүйесі бойынша тұрғындар өз пәтерлерінің шаршы метріне байланысты қаржы жинайтынын және ол қаржы үйді залалсыздандыру мен коммуналды жүйені күтіп-ұстау секілді жұмыстарға жұмсалатынан, оның барысын тұрғындар бақылай алатынын жеткізді.

Жиын соңында тұрғындар мен үй комитеттерінің төрағалары жан-жақты сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*