Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » РЕФЕРЕНДУМ — ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН АЙТУЛЫ ОҚИҒА

РЕФЕРЕНДУМ — ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН АЙТУЛЫ ОҚИҒА

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. «Алаш»  сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт №80 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды jetpisbai.kz  ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап.

— Бүгін бүтін байтағымыздың, Қазақстанымыздың жұртшылығы таңдауын жасап жатыр. Референдум — Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында қолға алынған айтулы оқиға.Иә, Ата Заңға бірнеше мәрте Парламент тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.Бұл жолы референдум арқылы Конституцияның үштен бір бөлігіжаңарғалы отыр. Мен барлық өзгерістермен танысып, көпшілік орындарда, той-жиындарда да референдумның маңызын түсіндіріп отырдым,- дейді жазушы М.Байғұт.

ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында орналасқан №80  референдум учаскесінде 2630 дауыс беруші тіркелген.

—  №80 референдум учаскесі таңғы сағат 07.00-ден бастап дауыс берушілерді қарсы алуда.  Біздің учаскеде 2630 азамат тіркелген. Оның ішінде оқу орталығында білім алып жүрген 246 курсант  және «Отырар»  шығын ауданының тұрғындары бар. Курсанттар мемлекетіміздің басты құжатына енетін өзгерістерге қатысты өз таңдауларын жасап жатыр.  Айта кету керек,  курсанттар республиканың түрлі аймақтарынан келген азаматтар,- дейді №80 референдум учаскесінің төрайымы Перизат Есқараева.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының 99 жастағы тұрғыны Утробина Вера Степановна № 303 референдум участкесіне тіркелген. Сайлау комиссиясының мүшелері кейуананың денсаулығына байланысты үйіне келді. Осылайша ардагер дауыс беру құқығын пайдаланды.

Айта кетейік, Вера Степановна  1923 жылы дүниеге келген. Ғасыр жасаған кейуана Ұлы Отан соғысының  ардагері.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*