Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Үшжақты комиссияның отырысы өтті

Үшжақты комиссияның отырысы өтті

Қала аумағында еңбек қатынастары саласын қалыпты жағдайда жүруін, әлеуметтік шиеленістің, жалақы қарыздарының алдын алуда, еңбек қауіпсіздігін күшейтуде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның жұмыстары үлкен нәтижелер беріп отыр. Ағымдағы жылдың 31 мамырында Үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста:

  1. Қала аумағында еңбек қатынастарының жағдайы туралы және міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдардың уақытылы төлену жағдайы және еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы;
  2. Кәсіподақ ұйымдарының атқарған жұмыстары және мүшелері болып табылатын жұмыскерлердің ұжымдарындағы ағымдағы жағдай туралы;
  3. «Еңбек-елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және «Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша іс-шараларының және «Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар орындалуы туралы қаралды.

Еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша жыл басынан келіп түскен 450 арыз-шағымдары мен өтініштері қаралып, 105 тексерулер жүргізілді. Жүргізілген тексерулердің барысында — 109 заң бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтардың негізінде — 46 нұсқама беріліп, 12,8 млн.теңге сомаға айыппұлдар салынды.

Осы жылдың өткен кезеңінде 7 жазатайым оқиға орын алып, 7 жұмыскер зардап шекті, оның ішінде 4 жұмыскер қайтыс болды. Өндірістік жарақаттану деңгейі 1000 адамға оқиғалық жиілік коэффиценті 0,31% аспауы тиіс болса, нақты қалыптасуы — 0,07%.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына түзілген және жұмыс істеп тұрған ұжымдық шарттың саны 1671-ге жетті, оның 339-ның мерзімі бітіп, 339-ы қайта жасалып тіркелсе, 388-і жаңадан қабылданды.

Бүгінде 2 компанияда 94 жұмыскерге 16 млн.теңге жалақы қарыз қалды. Сонымен қатар, жыл басынан тексерулер барысында 17 кәсіпорында 1 271 жұмыскерлердің 208,1 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді.

Отырыста көтерілген сұрақтар кеңінен талқыланып, өзекті мәселелердің шешімдері бойынша ұсыныстар әзірленді.

Сондай –ақ, қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізіліп келетін «Еңбек жолы» конкурсының ұйымдастырылуы талқыланып, насихаттау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*