Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ КАТАР ЕЛІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ КАТАР ЕЛІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Катар елінің астанасы Доха қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасынан аталған көрмеге Шымкент қаласының таныстырылуы бойынша Дохадағы ҚР Елшілігінен шақыру хат келген болатын. Осы мақсатта, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бірқатар депутат пен Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, туристік бизнес өкілдері қатысып, қаланың мүмкіндіктерін таныстыруда.

“Шымкент — аумағы жағынан Қазақстанда қалалар арасында бірінші, халық саны бойынша үшінші орынды алатын мегаполис. Қаланың географиялық тұрғыда орналасуы да Орталық Азия елдерімен логистикалық байланыс пен экономикалық орталық құруға ыңғайлы. Қалада инвестиция тарту мен кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Осы ретте, өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 462 миллиард теңгені құрады. Одан өзге, туризм саласы бойынша да өткен жылы шетелден келуші туристер саны бойынша Шымкент елімізде 3 орынға ие болды”, — деген Ерлан Ермекұлы Шымкенттің туристік әлеуетін келіп көруге және инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Сондай-ақ, 6-9 маусым, яғни 3 күнге созылатын ауқымды іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елі қатысып жатыр. Жалпы, “Hospitality Qatar — 2022” — қонақ үй бизнесіне арналған Халықаралық ауқымды көрме болып табылады. Аталған көрме туризм мен қонақжайлылық бойынша перспективті жобаларды жүзеге асыруға арналған, келушілер міндетті түрде көруі тиіс іс-шара ретінде өз орнын тапқан. Ал, Шымкент қаласын таныстыру арқылы  келуші туристер санын арттыруға және жаңа жобалар жасау үшін инвесторлар тартуда маңызды көрме болып саналады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*