Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ІІ-КЕЗЕҢІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ІІ-КЕЗЕҢІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін Президент Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасы аясында, мектеп оқушылары арасында «Шымкент жастар лигасы» спорттық жарыстың II-кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің орынбасарлары мен мәслихат депуттары қатысты.

Былтырғы жылдың 23 қазан айынан басталған жоба – Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп оқушылары арасында бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында қолға алынған. Спорттық жарысқа — Шымкент қаласынан 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда қатысты. Ал, спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жарысында жеңімпаз командаларға, арнайы дипломдар мен 20 млн теңге көлемінде қаржылай марапаттар табыс етілді.

«Шымкент жастар лигасының» ІІ-кезеңі бойынша жеңіске жеткен командалар:

 

Шахматтан жеңімпаз атанған білім ордалары:

І-орын Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі

ІІ-орын Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

ІІІ-орын Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы

 

Баскетболдан жеңімпаз атанған білім ордалары:

І-орын — М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп — гимназиясы

ІІ-орын — Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі

ІІІ-орын — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

 

Волейболдан жеңімпаз атанған білім ордалары:

І-орын — Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі

ІІ-орын — Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы

ІІІ-орын — Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы

 

Футболдан жеңімпаз атанған білім ордалары:

І-орын — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

ІІ-орын – 90 жалпы орта білім беретін мектебі

ІІІ-орын — Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының мектебі.

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара соңында, елімізге танымал өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*