Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске қосылады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы жүріп жатқан кәсіпорындарды аралады.

Әуелі мұнаралы крандар мен лифт шығаратын «Кaspy service» компаниясына барды. Құрылысы өткен жылы басталған зауыт келесі жылдың ортасына дейін аяқталып, іске қосылады. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы атқарылған. Кәсіпорын жылына 10 бірлік өнім шығарады. Жалпы жоба құны 750 миллион теңге. Пайдалануға берілсе, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Одан кейін медициналық зертханаға қажетті вакуум түтіктерін өндіретін «Экофарм интернейшнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралады. Құрылысы 2019 жылы басталған жобаның І кезеңі аяқталған. Пайдалануға беру мерзімі келесі жылға көзделіп отыр. Кәсіпорын іске қосылғанда, жылына 70 миллион дана медицинаға қажетті құрал өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, 200 адам жұмыспен қамтылады.

Келесі нысан медициналық зертхана жабдығын өндіретін «Bio Etica» және «Про-Тек-МП» бірлескен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  Жылына 1 миллион дана жабдық шығаратын зауыттың құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы орындалған кәсіпорын ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылады. Аумағы 0,25 га жерге орналасқан жобаға 125 миллион теңге қаржы тартылған.

–Қалада өндіріс орындарының көп болғаны өте маңызды. Кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Енді іске қосылғалы тұрған осы кәсіпорындарға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймақтан жер бөлінген болатын. Бұдан да өзге мәселелерді бірге шешуге дайынбыз, — деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*