Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тұрғындар газ жабдықтарының техникалық жай-күйін, қауіпсіздігін және жыл сайын техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға, ал қызмет көрсетуші ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда осы талаптар тиісті дәрежеде орындалсмау себебінен  тек 2022 жылдың 4 айында улы газбен уланудың 78 фактісі тіркеліп, 8 адам қайтыс болған.

Осы орайда, прокуратура бастамасымен бір тұрғынның газбен уланып, денсаулығына зиян келу фактісі бойынша ҚК-тің 306-бабының 1-бөлігімен (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Бұдан бөлек, 2 қылмыстық іс тергелу сатысында.

Сонымен қатар, тұрғындардан газ құрылғыларының үйішілік техникалық қызмет көрсету жөнінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйымдармен шартты міндетті түрде жасау және олармен техникалық қызметтердің сапалы жүргізілуін талап ету, сонымен бірге тұрмыста газды пайдаланудың ережесін сақтау, газ құрылғыларының ақаулары пайда болған жағдайда тек қана газ саласындағы мамандарға жүгіну талап етіледі.

Сондай-ақ, техникалық қызмет көрсетуші ұйымның тиісті төлемді алып, газ жабдықтарының жай-күйіне тексеру жүргізбесе уәкілетті мемлекеттік орган Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөліміне (24-75-04, 8-702-671-19-92, 8-707-230-36-17, 8-701-570-00-27, 8-775-274-54-05), ал аталған мемлекеттік орган әрекетсіздік танытса қала прокуратурасына (53-91-84) шағымдануға құқылы екендігін хабарлаймыз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*