Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында 5 маусымда өтетін халықтық референдумның өткізілу барысы туралы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндірілді, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілетеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб мүшелері Бауыржан Әлтеев пен Нұргүл Қобланованың қатысуымен қалалық штабының атқарған жұмыстары мен аралық есебі бойынша өткен брифингте айтылды.

«Құрылған қоғамдық штаб — үш топқа бөлінді. Осы ретте штабтың жастармен, жұмысшылар және жалпы қала тұрғындарымен кездесетін арнайы кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес, 11 мамыр мен 4 маусым аралығында 160 нүктелі кездесу ұйымдастырылып, ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, бүгінге дейін 36 мекемеде жалпы 12 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық референдумнан үлкен өзгерістер күтуде» — деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Спикердің айтуынша, қоғамдық штабтың құрамында үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, сондай-ақ, жастар, ардагерлер қауымдастығы және этномәдени орталықтардың жетекшілері де бар.

Ал, Қоғамдық штабтың әлеуметтік желілердегі парақшалары қазіргі таңда белсенді жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*