Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаевамен кездесіп, шаһардағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Іссапармен келген мейман қала әкіміне әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Қазақстанның Әйелдері Күштері Альянсы» қоғамдық ұйымының жұмысы туралы баяндады. Жуырда осы үкіметтік емес ұйымның қаладағы филиалы өз жұмысын бастаған болатын.

Шымкент қаласында бұған дейін кәсіпкер әйелдердің басын біріктіретін «Іскер әйелдер қауымдастығының» филиалы жұмыс істеп келген. Қалада жаңадан жұмысын бастаған альянс әйелдер мен балалардың құқықтары мен денсаулығы және әлеуметтік бағыттағы білімін жетілдіруді көздейді.

Әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған ұйым 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын бекітіп, 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

Қоғамдық бірлестік жол қарта негізінде өзекті мәселесіне айналған әйелдер мен балалардың отбасында зорлық — зомбылықтың алдын алу, оларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, осал санаттағы әйелдердің әлеуметтік мәселесін шешу, денсаулығын нығайту, әйелдердің қоғамдағы шешім қабылдау деңгейін көтеру, мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын секілді бастамаларды жүзеге асырады.

Қауымдастықтың Шымкент қалалалық филиалының жетекшісі болып Жаннета Жазықбаева тағайындалды.

Кездесуде Раушан Біргебайқызы қала әкімін 21 мамыр күні Түркістан қаласында өтетін «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумына шақырды.

Қала әкімі қала қоғамда әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған, өз нәтижесін беретін жобаларды қолдайтынын айтып, Раушан Сәрсембаеваға өз алғысын жеткізді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*