Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР 5300 ТОННА ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТТАП ҮЛГЕРДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР 5300 ТОННА ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТТАП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды. Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлеріне аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда.
Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 105-110 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар алдағы уақытта экспорт көлемі арта түсетінін айтады. Ауданда қарбыз қоры мол.
Айта кетейік, биыл ауданда 8500 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 222 мың тоннадан астам өнім жинау күтіліп отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*