Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

«БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Бейнет түбі – зейнет. Шымкентте құрмет демалысына шыққан қала тұрғындарының спортпен шұғылданып, тынығуына барлық мүмкіндік бар.

Зейнеткерлерге арналған Белсенді өмір сүру әлеуметтік-медициналық орталығы жалғызілікті қарияларға күні бойы, 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда сауықтыру шараларын көрсететін арнайы бөлімше.

Мұндай қызмет түрлерін «Белсенді өмір сүру» әлеуметтік медициналық орталығы көрсетеді. Қала әкімдігінің қолдауымен ашылған мекемеде бұдан бөлек зейнеткерлерге дәрігерлер де тегін ем-дом жасайды.

Қазір Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар.

Сауықтыру бөлімшеде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тамақ та қаралған.

Мекемеде 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған.

Бұл жерде емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық секілді жаттығулар да қаралған. Қызмет алушылардың кинозалында, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға мүмкіншіліктері бар. Мекеменің арнайы психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі де түзілген.

Орталық қызметін алуға ниеттенген зейнеткерлер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінім қалдыруы қажет. Әрі қарай кезектік негізде емдеу-сауықтыру іс-шараларымен қамтылады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*