Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ТАУАРЛАР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ТАУАРЛАР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік байқау-көрмесі өтуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды.

Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Бұл жылғы көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа компаниялар қатысуда, олардың ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (декоративтік тастар өндірісі), «Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялаушы және жуғыш заттар өндірісі), «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымы), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһазы), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «БАРАКА» ЖК (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколад кәмпиттері мен сағыз өндірісі), «Петухова» ЖК (бөлмеаралық есіктер) бар. Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады.

Арнайы құрылған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын таңдайды: «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Жеңімпаздар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары-2022» республикалық байқауына қатысады.

Айта кетейік, аталған байқау 2015 жылдан бері «Ата­мекен» ҰКП ұйым­дастырып келеді.

Аталмыш байқаудың кәсіпорындар мен олардың тауарларының сапасын арттыруда және халыққа танытуда септігі мол. Осы мақсатпен үздіктер сапына ілігуге ұмтылғандар қатарында бірнеше жылдан бері нарыққа өз өнімдерін ұсынып келе жатқан ірі кәсіпорындармен қатар тың бастамамен кәсіптерін жаңа бастағандары да болды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*