Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДА 41 ҮЙ САЛЫНУДА

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДА 41 ҮЙ САЛЫНУДА

Қазіргі таңда еліміздегі тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асырылуда.

Шымкент қаласында биыл осы жылы жоспарланған 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланып отыр.  Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде арендалық 20 үй (1320 пәтер), кредиттік 31 үй (1652 пәтер).

Қала әкімі тұрғын үйлердің құрылысымен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты.

Осы жылы 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.

Тұранда құрылысы жүргізіліп жатқан 41 тұрғын үйдің үшеуі жазға дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін алты үйді пайдалануға беру жоспарда болса, қалған 32 үй жыл соңында қала тұрғындарының игілігі мақсатында қолданысқа беріледі.

Қазіргі таңда Тұран шағын ауданын электр энергиясымен қамту жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде. Шағын ауданның ішкі жүйлерді қамту жыл соңына дейін аяқталса, жарықтандыру мен бағдаршамдар орнату 2023 жылға көзделген. Кәріз және табиғи газбен қамту жұмыстарының да кестеге сәйкес екінші кезегі жүргізілуде. Магистралды жүйелер орнатылған соң ғана ішкі жүйелер жүргізілмек.

Жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап қайтқан мегаполис әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов үйлердің сапалы соғылып, мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*