Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын аралап, ондағы ерекше қызметті қажет ететін жандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпарат агенттігі. Аралау барысында қала басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың оңалту орталығының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Дәрігерлерге қосымша көмекшілер бөлінсе жақсы болар еді. Қызметтері оңай емес. Бізге жанашырлық танытып мейірім- ықыластарымен қарайды. Ол үшін алғысымды білдіремін,- дейді Ысқақ Айдарбеков.

70 орынға лайықталған орталықта 18 жастан асқан тірек-қимыл жүйесі бұзылған І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға негізгі жеті түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде әлеуметтік психологиялық, медициналық көмектен басқа тұрғын үй, әлеуметтік жәрдемақы алу, құқықтық кеңестер беріледі.

Тауқыметтерін жеңіп шығулары үшін қолдау көрсетіліп, түрлі мәдени іс-шаралар мен қол маторикасын дамыту мақсатында қолөнер туындыларын жасау, кәсіпкерлікке үйрету қарастырылған.

— Өкінішке орай, ерекше қызметті қажет ететін жандар аз емес. Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 37 мыңға жуық. Оның ішінде 6 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету ерекше назарда.Орталықтарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысуымның мақсаты да осында. Өздерінің ұсыныс-тілектерін тыңдап, барынша жағдайларын жақсарту,-деді Ерғали Білісбеков.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жылына 840 адамға дейін қызмет көрсетеді. Физиоемдеу, су, балшық және тұзбен емдеу, гидромассаж, парафин сынды түрлі емдік шаралары бар. Дәрігерлердің айтуынша, қызмет алушылардың оңалту көрсеткіші жоғары.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*