Енді бұдан былай шымкенттік кәсіпкерлер өз биснестерін онлайн түрде тіркей алады, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілетеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінде заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет «Электронды үкіметтің» веб — порталында толық автоматтандырылған. Осылайща бұл қызмет адами фактордың қатысуынсыз, электронды хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалы өкілдері бұл қызметті қалай рәсімдеу керегін айтып берді.
Жаңа жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашу үшін кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салық басқармасына барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болса, жеткілікті. Тіркеуге egov.kz сайтындағы нұсқауларды орындау арқылы 30 минуттан аз уақыт кетеді.
Осылайша шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электронды хабарлама «Электронды үкімет» веб — порталында толтырылады және беріледі.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды. Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер дұрыс болса, ақпараттар жүйеде өңделеді және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу туралы анықтама 30 минуттан кейін беріледі.
Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы 30 минуттан кейін береді.