Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс.

Бүгін Шымкент қаласы Азат шағын ауданында орналасқан №68 орта мектептің ұжымымен кездескен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Максим Рожин осылай деді.

–Бұған дейін де Конституцияға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Бірақ, оның барлығы Парламент депутаттарының дауыс беруі арқылы бекітілетін еді. Бұл жолғы өзгерістердің ауқымы өте кең, Ата Заңның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл мемлекеттік жүйесі, Парламенттің өкілеттілігі мен сот жүйесінен бастап, қоғам өмірінің барлық негізгі салаларын қамтитын өзгерістер болып отыр. Ол өзгерістер болашақта біздің қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтарымыздың да өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат референдумға жәй қатысып қана қоймай, қандай өзгерістер үшін дауыс беріп жатқанын түсініп, оның мәнін ұғынуы тиіс, – деді М.Рожин.

Кездесуге AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева да қатысып, ұстаздар қауымының ұсыныс — пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, 5-маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-і не өзгерістер енгізілетін болады. Бұл дегеніміз Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.

Референдумға қатысу құқығы азаматтардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*