Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте халықаралық тәжірибелік форум болып өтті

Шымкентте халықаралық тәжірибелік форум болып өтті

«Білім беру қызметі: Инновациялық әдістер, құралдар және тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық тәжірибелік форум болып өтті, деп жазады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Білім беру қызметі: Инновациялық әдістер, құралдар және тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық тәжірибелік форум өтті.

Форумның мақсаты: «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында жаңа технологияларды оқыту үдерісінде қолдану, теория мен тәжірибені ұштастыру.

Аталмыш форум жұмысына Өзбекстан мемлекеті астанасы Ташкент қаласы білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары, Қазақстан Республикасы өңірлерінен мектеп басшылары, мұғалімдер, Шымкент қаласының мектеп директоры орынбасарлары – жалпы 200 қатысушы тіркелді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» тренері Альбина Қуандыққызы форумның арнайы қонағы болды. Форумның пленарлық мәжілісінде тақырып аясында баяндамалар тыңдалып, жаңартылған білім мазмұны аясында тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті. Форумның практикалық бөлімінде шебер-сабақтар, семинар-тренинг көрсетілді. Іс-шараның ерекшілігі сабақтарда оқушылар емес, келген мұғалімдер отырды. Форум әрбір қатысушыға жақсы әсер берді.

Форум нәтижесінде келген қонақтар өзара тәжірибе алмасып, теория мен тәжірибенің ұштастыру барысында кәсіби тұрғыдан қолдау тапты. Форум соңында іс-шараға белсенділік танытқан ұстаздар Шымкент қалалық білім басқармасы және әдістемелік орталығы тарапынан марапатталды.

Форум екі елдің бірлігі мен ынтымағын арттыратыны айқын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*