Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ЖҰМЫС ТАБУҒА МОЛ МҮМКІНДІК

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ЖҰМЫС ТАБУҒА МОЛ МҮМКІНДІК

Шымкент қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама көптеген жастардың жұмыс табуына, сондай-ақ, тәжірибе жинауына зор мүмкіндік болып отыр, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтар болсақ, шымкенттік жас маман Сандуғаш Жапек бағдарлама аясында №24 “Алма” бөбекжай — балабақшасында мейірбике болып жұмыс істеп жүр. Ол Түркістан медицина колледжінің түлегі. Арнаулы орта оқу орнын “Мейіргер ісі” мамандығы бойынша бітірген.

— Оқуды тәмамдаған соң бірден “Жастар практикасы” бағдарламасына қатысуға бел буып қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына бардым. Жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарды өткіздім. Көп ұзамай маған бөбекжай — балабақшасына жолдама берді. Жұмысым жақсы. Балалардың, қажет болса қызметкерлердің денсаулығын қадағалаймын. Алғашқы ем — домын жасаймын. Болашақта емханада жұмыс жасап, қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үлес қосқым келеді, — дейді жас маман  Сандуғаш Жапек.

Сонымен қатар, жалпы Шымкент қаласында ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында 2000-нан астам жасқа жұмыс орындарына жолдама беру жоспарланған. Жыл басынан бері 1000-нан астам жас жолданып, олар мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде жұмыс істеп жүр.

Айта кету керек, «Жастар практикасына» «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатыса алады. Мерзімі — 12 ай, жалақысы 30 АЕК.

Құрметті жастар! Егерде жұмыс іздеп жүрген болсаңыздар, Халықты жұмыспен қамту орталығына келсеңіздер болады. Онда түрлі бағдарламалар қарастырылған. Сондай-ақ, тұрақты түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып отырады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*