Биыл Шымкентте көктемдегі дала жұмыстарына бөлінетін жанар-жағармай 30 маусымға дейін беріледі.
Бұл туралы бүгін ақпараттық — коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекамбаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы өткен брифнгте мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
«2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінетін жанармайды таратушы операторларды айқындау бойынша өткізілген жиналыстың хаттамасына сәйкес, жанармайды таратушы операторлар анықталды.
Осы аталған операторлар «Қаз Мұнай Газ» Ұлттық Компаниясы Акционерлік қоғамы арасында келісім — шарт жасап, жанар — жағармайды операторларға арнайы вагондармен жеткізеді («Sapaly Munai» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АЗК Алмаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Иксан групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шахат инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).
Спикердің сөзінше, қазіргі таңда, «Sapaly Munai» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АЗК Алмаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі операторлары арқылы көктемгі дала жұмыстарына шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, жеңілдетілген бағамен литріне 189-теңге ден 290,5 тонна жанар — жағармай босатылды (көктемгі дала жұмысына -1000 тонна, күзгі дала жұмысына -1000 тонна).
Сонымен қатар, жанар — жағармай әр ай сайын операторлардан бөлінетіндіктен, арнайы график түзілген.
Шаһарда ауыл шаруашылық бағытындағы 62 608 гектар егістік жер бар. Жыл сайын соның 30 мың гектарға жуық жеріне егін егу жоспарланады. Әрине, оның ішінде дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс), көкөніс пен бақша, картоп және мал азықтық дақылдары бар. Жыл сайын көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, оператор анықталады. Биыл бұл мақсатта 4 оператор бекітілген. Көктемгі дала жұмыстарына трактор, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштар, топырақ өңдейтін агрегат секілді техникалардың саны жеткілікті.