Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

Алғаш рет Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы” атты жолдауын насихаттау мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы және “1 TALANT жалпы беру мектебі” ЖШС ұйымдастыруымен, “AMANAT” партиясы Шымкент филиалы, “125 High School”, Alpha Academy” филиалдарының қолдауымен “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР” атты мектеп директорлары арасында қалалық дебат турнирі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Дебатты өткізудегі негізгі мақсат, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамытып, сол арқылы білімге қатысты мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын қарастыру.

Турнирге білім басқармасына қарасты 33 білім мекемесінен 17 фракция қатысып, 34 бірінші басшылар бақтарын сынады. Сайыста қаламыздағы ардагер тәжірибелі пікірсайысшы педагогтер төрешілік жасады.

Турнир нәтижесінде жүлделі I орын “Абайдың жүйріктері» фракциясы -№49 мектептің директоры Сарыбасов Асылбек мен №73 мектеп директоры Калтаева Жамила иеленді.

II орынды “Жаңашыл көшбасшы” фракциясы- Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия директоры Әбілдаева Гүлназ , N35 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Қарабаева Жайна жеңіп алды. Ал жүлделі III орынға “Жарық жұлдыздар” фракциясы- N125 мектеп директоры Үмбетбаев Бағлан ие болды.

Сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды.

Ал турнирге қатысқан 32 директордың ішінен оқ бойы озық шыққан Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназия директоры Қайыпов Алмас турнирдің «Ең үздік спикері» атанды.

Ойын барысында үздік ойын көрсеткен фракциялар арнайы номинациялы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*